Құрбандық қалай шалынады
Құрбан - араб тілінінен аударғанда «жақындау» , яғни жақсы амалдар арқылы Аллаға жақындай түсу. Шариғаттағы терминдік мағынасы - «шарттарымен санаса отырып құлшылық ниетімен мал бауыздау».
Барша мұсылмандардың ұлық мейрамы - Құрбан айт биыл 1 қыркүйекке дәл келіп отыр. Құрбан айт «ораза айттан» кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады.
«Біз­дің бұл күн­де ал­ғаш­қы жа­сай­тын – ісі­міз на­маз оқу, со­сын қай­тып ке­ліп, құр­ба­ны­мыз­ды ша­лу. Кім осы­лай іс­те­се, біз­дің сүн­не­ті­міз­ге ер­ге­ні. Ал кім­де-кім бұ­дан бұ­рын құр­ба­нын ша­ла­тын бол­са, бұл құр­ба­ны­ның от­ба­сы­на бе­ріл­ген ет­тен айыр­ма­шы­лы­ғы жоқ. Бұ­ның құр­бан бо­луы мүм­кін емес» (Хадис).
Құр­бан ша­лу­дың уақы­ты құр­бан айт­тың бі­рін­ші кү­ні айт на­ма­зы­нан кейін бас­та­лып, ай­ттың үшін­ші кү­ні ақ­шам­ға аз уа­қыт қал­ған­ға дейін жал­ға­са­ды.
Мейрамның алғашқы күні жақсылап ғұсыл құйынғаннан (денені толықтай жуу) кейін, әдемі таза киімдерін киіп, үстіне хош иіс сеуіп, мешітке айт намазына барады. Қажылық өтеушілер Қағбаға жүзін қаратып дұға оқиды. Бақилық болған жақын-жұрағаттарына арнап Құран бағыштайды. Құрбандық етімен ауыз ашу үшін намаздың алдында ештеңе жемеу абзал.


Рауан Айтказин - Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы
ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУДЫҢ ТАРИХЫ
Құрбандық шалудың негізгі шарттары
Пышақ өткір болу керек
«Малды бауыздаған уақытта жақсылап бауыздаңдар. Кімде-кім мал сойса, пышағын жақсылап қайрасын және тезірек бауыздап малды рахатына қауыштырсын» (Муслим, Сайд,57)
Құрбандық малын құбылаға қарату, дұға оқу
«Ин­на са­ла­ти уа ну­су­ки уа махиаиа уа мә­мә­ти лилләһи Раб­бил 'ала­ми­на лә шә­ри­ка ләһ». [Ән'ам сүресі, 162 аят] (Кү­мән­сіз ме­нің на­ма­зым жә­не бас­қа ғи­ба­дат­та­рым, өмі­рім де, өлі­мім де бү­кіл әлем­дер­дің Раб­бы Аллаһ үшін. Оның еш се­рі­гі жоқ).
«Бис­мил­ла­һи, Аллаһу әк­бар» деп айту
Құрбанның иесі де, бауыздаған адам да осы сөзді айтуы керек
Құр­бандық шалушыға қойылатын шарттар
Мұ­сыл­ман болу
Құр­бан айт уақы­тын­да жо­лаушы болмау
Ни­сап мөл­ше­рінен асу
Не­гіз­гі қа­жет­тер­ден тыс ни­сап мөл­ше­рін­де­гі қар­жы­ға ие бо­лу. Ни­сап мөл­ше­рі – 85 грамм ал­тын яки құ­ны­на тең ке­ле­тін ақ­ша.
Ниет ету ке­рек
Құр­бан шал­ған уа­қыт­та мін­дет­ті түр­де ниет ету ке­рек. Өйтке­ні, мал­ды ғи­ба­дат үшін сояты­ны сияқ­ты, тек қа­на етін пайда­ла­ну үшін де союға бо­ла­ды.
Құр­бан­дық­қа жа­ра­май­тын мал­дар
1
Көзі көрмейтін немесе бір кө­зі со­қыр
2
Сойыла­тын жер­ге же­те ал­май­тын дә­ре­же­де әл­сіз
3
Құ­ла­ғы не­ме­се құйры­ғы ту­ма­дан жоқ не­ме­се ба­сым бө­лі­гі ке­сіл­ген
4
Тіс­те­рі­нің кө­бі тү­сіп қал­ған
5
Ем­шек­те­рі­нің ба­сы жұ­лы­нып қал­ған
6
Бір мүйізі не­ме­се екеуі де тү­бі­нен сын­ған
Тек қа­на қой, еш­кі, сиыр жә­не түйе мал­да­рын ға­на құр­бан­дық­қа ша­лу­ға бо­ла­ды. Құр­бан ре­тін­де ша­лы­на­тын қой жә­не еш­кі кем де­ген­де бір жа­сар, сиыр екі жа­сар, түйе бес жа­сар бо­луы ке­рек. Ал­ты-же­ті ай­лық ке­пе қо­зы бір жа­сар қой сияқ­ты се­міз, ет­ті бол­са, құр­бан­дық­қа ша­лу­ға жа­райды. Қой мен еш­кі­нің ер­ке­гін, сиыр­дың ұр­ға­шы­сын ша­лу аб­зал. Тауық, қо­раз, қаз, үй­рек сияқ­ты құс­тар құр­бан ре­тін­де сойыл­майды.
Неге жылқы малы құрбандыққа шалынбайды?
Жылқы малының құрбандыққа шалынбауының басты себебі – Алла тағаланың Құранда айтылған мына бұйрығы:

«Біз әрбір үмбет үшін, өздеріне берген жануарлардан: түйе, сиыр, қой және ешкіден, Алланың ғана атын атап, құрбан шалуды бекіттік. Өйткені, Құдайларың - бір-ақ Құдай. Сондықтан Соған бой ұсыныңдар! (Мұхаммед!) Ықыластыларды қуандыр»
(Хаж сүресі 34 -аят).


Бі­рі­гіп құр­бан ша­лу
Қой не­ме­се еш­кі­ні тек қа­на бір адам құр­бан ре­тін­де ша­ла ала­ды. Ал сиыр не­ме­се түйені яғ­ни, ірі қа­ра­ны бір кі­сі­нің жал­ғыз өзі үшін ша­луына бо­ла­тын сияқ­ты же­ті кі­сі­ге ар­нап, ор­тақ ша­лу­ла­ры­на бо­ла­ды. Құр­бан­ды ор­тақ­та­сып шал­ған уа­қыт­та әр­бір адам құр­бан ша­лу ниеті­мен ор­тақ­та­суы ке­рек.
Құрбандық етін кімдерге беру керек?
Құр­бан­дық­қа ша­лын­ған мал­дың етін үш бө­лік­ке бө­ліп та­ра­ту – жақсы амал. Бір бө­лі­гі – ту­ған-туыс, көр­ші­ле­рі­не бай бол­са да сыйға тар­ты­ла­ды, екін­ші бө­лі­гі – ке­дей жә­не мұқ­таж адам­дар­ға, үшін­ші бө­лі­гі – өзі­нің от­ба­сы­на, ба­ла-ша­ға­сы­на бе­рі­ле­ді.
Рауан Айтказин - Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы
ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУШЫҒА БЕРІЛЕТІН САУАПТАР
ОРКЕН-MEDIA
Phone: 8(710 36) 4-51-16, 4-04-16
E-mail: info@orken-media.kz
www.orken-media.kz
Дереккөз: islam.kz, azan.kz
Made on
Tilda